Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салуға қанша қаржы керек

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Жазылу
Жыл соңына дейін Ресеймен үкіметаралық келісімге қол қойылады
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құнын шамамен атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Құны техникалық-экономикалық негіздеме негізінде анықталады, бірақ әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны ең аз дегенде 14 миллиард долларды құрайды", - деді Сәтқалиев.
Ол сондай-ақ Қазақстан Ресеймен 2025 жылдың соңына дейін бірінші АЭС құрылысы туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты.
"Түпкілікті шешім үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін қабылданады. Өздеріңіз білетіндей, ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда конкурстық процестің қорытындылары қаралып, бекітілді, содан кейін ведомствоаралық комиссияның қорытындыларын растау бойынша соңғы шешімдер энергетикалық кеңесте бекітілді", - деді ол АЭС құрылысы туралы сұраққа жауап бере отырып.
Ол сондай-ақ құрылыстың уақытына қатысты сұраққа жауап берді.
"Біз мерзімді белгіледік. Осы жылдың соңына дейін бұл келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз", - деді Сәтқалиев парламент кулуарында.
Конкурс шарттарында белгіленген құрылыс мерзімі құрылыс алаңына кірген сәттен бастап 7 жылды құрайды, деп атап өтті агенттік басшысы.
20 маусымда Санкт-Петербургте ПХЭФ-2025 аясында Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" басшысы Алексей Лихачев АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасына қол қойды.
Жаңалықтар
0