https://sputnik.kz/20250627/qazaqstanda-qay-ayda-neke-kop-qiylady---statistika-55164856.html
Қазақстанда қай айда неке көп қиылады - статистика
Қазақстанда қай айда неке көп қиылады - статистика
Sputnik Қазақстан
2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T21:08+0500
2025-06-27T21:08+0500
2025-06-27T21:08+0500
неке
қазақстан
https://sputnik.kz/img/117/92/1179226_0:151:2923:1795_1920x0_80_0_0_30a41ad2a42dc9ff9d1dfb6927d82d7a.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. 2015-2024 жылдар аралығындағы деректерге сәйкес, Қазақстан некенің көпшілігі тамыз айында тіркеліп келеді, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.Соңғы он жылда бұл айда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелген – 16,9 мың неке.2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы басым түскен. Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал айларға айналды.Ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген – соңғы он жылдың ішінде бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып келеді.Соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді – ол кезде барлығы 3,8 мың неке ғана қиылған.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/117/92/1179226_164:0:2759:1946_1920x0_80_0_0_0f33af8c499c2c24852e271266e3796c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
неке, қазақстан
Қазақстанда қай айда неке көп қиылады - статистика
2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. 2015-2024 жылдар аралығындағы деректерге сәйкес, Қазақстан некенің көпшілігі тамыз айында тіркеліп келеді, деп хабарлады
ұлттық статистика бюросы.
Соңғы он жылда бұл айда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелген – 16,9 мың неке.
2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы басым түскен. Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.
Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал айларға айналды.
Ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген – соңғы он жылдың ішінде бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып келеді.
Соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді – ол кезде барлығы 3,8 мың неке ғана қиылған.