Минскіде Еуразиялық экономикалық одақ саммиті өтеді

© Photo : Официальный сайт президента БеларусиЛидеры государств ЕАЭС на полях Евразийского международного форума
Лидеры государств ЕАЭС на полях Евразийского международного форума - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Жазылу
БАӘ және Моңғолиямен әріптестік туралы келісімдерге қол қойылады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Беларусь астанасында Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.
Бүгін форум аясында Одақ мемлекет басшыларының қатысуымен ЕАЭО саммиті өтеді. "Бестіктің" кездесуі 2025 жылғы жоғары деңгейдегі бірінші кездесу. Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан президенттері жеке қатысады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян видеобайланыс арқылы қосылады.
Көшбасшылар ЕАЭО интеграциясын одан әрі тереңдету бойынша нұсқаулықтарды белгілейді деп жоспарлануда. Олар өнімді таңбалау, бірыңғай қызмет көрсету нарығы, көлік дәліздерін кеңейту, халықаралық қызметті үйлестіру мәселелеріне назар аударады.
Келіссөздер алдымен шағын құрамда, кейін кеңейтілген құрамда өтеді. Бірінші кездесуде мемлекет басшылары ЕАЭО қарым-қатынасындағы ең нәзік мәселелерді талқылайды.
Саммитте ЕАЭО елдері БАӘ-мен экономикалық әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ Моңғолиямен уақытша сауда келісіміне қол қояды деп жоспарлануда. Басқа да бірқатар шешім бекітіледі.
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Тоқаев: ЕАЭО цифрландыру үдерісін басқаруға тиіс
Жаңалықтар
0