https://sputnik.kz/20250627/euraziyalyq-ekonomikalyq-kenes-mongoliyamen-sauda-kelisimine-qol-qoyyldy-55161142.html
Еуразиялық экономикалық кеңес: Моңғолиямен сауда келісіміне қол қойылды
Еуразиялық экономикалық кеңес: Моңғолиямен сауда келісіміне қол қойылды
Sputnik Қазақстан
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T17:15+0500
2025-06-27T17:15+0500
2025-06-27T17:15+0500
еаэо
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55160791_0:54:1280:774_1920x0_80_0_0_6ee8cb13a84f147c436dd208f7127ec2.jpg
АСТАНА, 27 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда.Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды.Отырыста Иран президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу форматында), Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.
https://sputnik.kz/20250627/toqaev-zhogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenes-otyrysyna-qatysty-55159610.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55160791_88:0:1192:828_1920x0_80_0_0_ce9112cf105b4ba0c9ff43a8befac69a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, президент
Еуразиялық экономикалық кеңес: Моңғолиямен сауда келісіміне қол қойылды
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді
АСТАНА, 27 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды.
Отырыста Иран президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу форматында), Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.
Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.