https://sputnik.kz/20250626/qostanay-oblysynda-ush-mugalimnin-omirin-qigan-zhol-apatyna-kinali-zhurgizushi-sottaldy-55134275.html
Қостанай облысында үш мұғалімнің өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды
Қостанай облысында үш мұғалімнің өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды 26.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-26T16:24+0500
2025-06-26T16:24+0500
2025-06-26T16:24+0500
сот
қостанай облысы
мұғалім
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қостанай облысында үш мұғалімнің өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жол апаты былтыр 16 желтоқсанда "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында болған.Сотталушы Р. "VOLVO FH12" маркалы автокөлігімен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қостанай қаласы бағытында келе жатқан жүргізуші С. басқарған "TOYOTA ALFARD" маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші тарап ең қатаң жаза кесуді сұрады.Сот сотталушының шын ниетпен өкінуін және оның тәрбиесінде үш жас баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды. Қылмыстық жауапкершілікті және жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230603/batys-qazaqstan-oblysynda-mugalimder-mingen-kolik-apatqa-ushyrady-tort-adam-koz-zhumdy-35597425.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қостанай облысы, мұғалім
сот, қостанай облысы, мұғалім
Қостанай облысында үш мұғалімнің өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды
Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қостанай облысында үш мұғалімнің өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты былтыр 16 желтоқсанда "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында болған.
Сотталушы Р. "VOLVO FH12" маркалы автокөлігімен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қостанай қаласы бағытында келе жатқан жүргізуші С. басқарған "TOYOTA ALFARD" маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан "TOYOTA ALFARD" автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақатын алды", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші тарап ең қатаң жаза кесуді сұрады.
Сот сотталушының шын ниетпен өкінуін және оның тәрбиесінде үш жас баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды. Қылмыстық жауапкершілікті және жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
"Сот айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, сондай-ақ 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды", - деп хабарлады сот.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.