Мерзімінен бұрын парламент сайлауы өте ме – сенат спикері жауап берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевПодписание меморандума между "Казцинк" и Евразийской группой
Подписание меморандума между Казцинк и Евразийской группой
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге ешқандай негіз жоқ
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мерзімінен бұрын парламент сайлауына қатысты алыпқашпа әңгімеге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Спикердің айтуынша, бүгінде ондай әңгімелерді біреулер ара-тұра таратып отырады. Алайда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге ешқандай негіз жоқ.
"Қазір бізде заңнамалық күн тәртібі өте үлкен, оны байқап жатқан шығарсыздар. Маңызды заңдар қаралып жатыр. Сондықтан қандай да бір мерзімінен бұрын сайлау болады деуге ешқандай негіз жоқ", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осы сессияда біраз маңызды заң қаралды. Соның ішінде Салық кодексі де бар. Алдағы сессия да оңай болмайтын көрінеді.
Айта кетері, соңғы рет сенат сайлауы 2023 жылы өткен болатын. Тура сол жылы кезектен тыс мәжіліс сайлауы да ұйымдастырылды.
Встреча Ермека Маржикпаева с Чрезвычайным и полномочным послом Кыргызстана в Казахстане Дастаном Дюшекеевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Қазақстан мен Қырғызстанның одақтастығы тереңдей түседі - сенат заңды мақұлдады
Жаңалықтар
0