Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған: Түркия Ресей және Украинамен келіссөздің жаңа кезеңін талқылап жатыр

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Анкара Мәскеу және Киевпен келіссөздің үшінші раундын өткізу үшін диалог жүргізіп жатыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Гаагадан қайтып келе жатып ұшақта журналистерге берген сұхбатында айтты.
"Біз бұл сұрапыл соғысты әділ аяқтап, тұрақты бейбітшілік орнату үшін күш салуды жалғастырамыз. Біз алдағы кезеңде келіссөздің үшінші раундын өткізу үшін тараптармен диалог жүргізіп жатырмыз", - деді түрік басшысы.
Ресей мен Украина тікелей келіссөздің екі кезеңін өткізді. Кездесулер Ыстанбұлда өтті. Олардың нәтижесінде тұтқын алмасылды. Ресей қаза тапқан әскерилердің денесін Украинаға тапсырды. Тараптар қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларымен алмасты.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынған болатын. Ресей басшысы тиісті келіссөздер барысында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Марк Рютте - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ыстанбұлдағы келіссөздерден нәтиже болуы керек - НАТО бас хатшысы
Жаңалықтар
0