Бейбіт Жұқаев алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Бейбит Жукаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Былтыр ол Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жетпей қалған еді
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 251-орында) мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Іріктеу кезеңінің шешуші матчында Жұқаев франциялық Лука Павловичті (ATP 239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.
"Бұл – 24 жастағы қазақстандық үшін тарихи жетістік. Былтыр ол Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жетпей қалған еді. Сол кезде іріктеу финалында Франция теннисшісі Алис Кантенге есе жіберді — 3:6, 4:6, 4:6", - деп жазылған хабарламада.
Өкінішке қарай, Қазақстанның басқа теннисшілері Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Тимофей Скатов іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, биыл Уимблдон турниріне қатыспайтын болды.
Жұқаевпен қатар жүлде үшін Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сайыста) күреседі. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында Қазақстан намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбай (іріктеу кезеңінде) қорғайды.
Жаңалықтар
0