https://sputnik.kz/20250626/adamnyn-mazasyn-algany-ushin-90-kunge-deyin-qamaydy---bas-prokuratura-55119698.html
Адамның мазасын алғаны үшін 90 күнге дейін қамайды - бас прокуратура
Адамның мазасын алғаны үшін 90 күнге дейін қамайды - бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
Сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары да қолданылады 26.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-26T11:57+0500
2025-06-26T11:57+0500
2025-06-26T11:57+0500
прокуратура
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сталкинг үшін енгізілетін жаза туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Шындалиевтің айтуынша, адамның мазасын алу, ізіне түсу, желіде және көшеде аңду, телефон нөмірін сұрау сияқты әрекеттер сталкинг ретінде қарастырылады."Сол үшін заңға жауапкершілікті енгізіп жатырмыз. Себебі сталкингтен кейін ауыр қылмыстар жасалады. Соның алдын алу үшін жазаны қарастырдық. Ал сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары да қолданылады", - деді Шындалиев сенаттың бүгінгі отырсында.Оның сөзіне қарағанда, сталкинг үшін үш айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болады."Сталкинг үшін айыппұл бар. Сосын 90 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған", - деді бас прокурордың орынбасары.Айта кетері, бұған дейін мәжілісте сталкинг үшін 200 АЕК (786 400 теңге - 2025 жылда) көлемінде айыппұл, түзеу жұмыстары және 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды енгізу мәселесі талқыланған болатын. Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамау жазасын енгізуге ұсыныс болған.
https://sputnik.kz/20250623/45-sagattan-artyq-uzilissiz-kolik-basqargan-zhurgizushilerge-ayyppul-salynady-55038361.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, айыппұл
Адамның мазасын алғаны үшін 90 күнге дейін қамайды - бас прокуратура
Сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары да қолданылады
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сталкинг үшін енгізілетін жаза туралы айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шындалиевтің айтуынша, адамның мазасын алу, ізіне түсу, желіде және көшеде аңду, телефон нөмірін сұрау сияқты әрекеттер сталкинг ретінде қарастырылады.
"Сол үшін заңға жауапкершілікті енгізіп жатырмыз. Себебі сталкингтен кейін ауыр қылмыстар жасалады. Соның алдын алу үшін жазаны қарастырдық. Ал сталкинг кезінде адамға қасақана аса ауыр дене жарақаттары келтірілсе, Қылмыстық кодекстің басқа баптары да қолданылады", - деді Шындалиев сенаттың бүгінгі отырсында.
Оның сөзіне қарағанда, сталкинг үшін үш айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болады.
"Сталкинг үшін айыппұл бар. Сосын 90 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған", - деді бас прокурордың орынбасары.
Айта кетері, бұған дейін мәжілісте сталкинг үшін 200 АЕК (786 400 теңге - 2025 жылда) көлемінде айыппұл, түзеу жұмыстары және 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды енгізу мәселесі талқыланған болатын. Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамау жазасын енгізуге ұсыныс болған.