Қостанай облысында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды

© Photo : Пресс-служба акима АлматыАлматыдағы ағаш отырғызу
Алматыдағы ағаш отырғызу - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Жазылу
Аймақта 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылған
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. "Таза Қазақстан" бастамасы аясында Қостанай облысында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлады үкімет.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылғанын хабарлады.
"4 мың көшеге 48 мыңнан астам шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бастап 57%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл елді мекендерді жайлы әрі қауіпсіз етті. Биыл жарықтандыру жұмыстары аяқталады", - деді облыс басшысы үкімет отырысында.
Әкімнің айтуынша, 191 көппәтерлі үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, таза келбетін қалыптастырады.
Сонымен қатар Қостанай облысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. 2,5 жыл ішінде 338 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.
Саженец оливкового дерева перед началом церемонии высадки аллеи оливковых деревьев в Никитском ботаническом саду Крыма - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Ақтөбе облысында 17 миллион ағаш отырғызылады
Жаңалықтар
0