https://sputnik.kz/20250625/mobildi-audarymdardyn-somasyna-qatysty-talap-eki-aydan-keyin-engiziledi-55091606.html
Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап екі айдан кейін енгізіледі
Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап екі айдан кейін енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Үш ай қатарынан 100 мобильді аударым алған адамдарға қатысты ақпарат салық органдарына жіберіледі 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T12:58+0500
2025-06-25T12:58+0500
2025-06-25T13:01+0500
мобильдік қосымша
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653899_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_9bd904fbf765e6272da7c6e8b022d5cd.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап қыркүйек айында күшіне енеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжіліс депутаттары салық салу мәселелеріне қатысты заңды президентке жіберді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, дәл сол заңнан кейін мобильді аударымдардың сомасына қатысты тағы бір талап күшіне енеді.Айта кетері, бүгінде үш ай қатарынан 100 мобильді аударым алған адамдарға қатысты ақпарат салық органдарына жіберіледі. Қаржы министрлігі мен ұлттық банк қосымша талапты енгізуге шешім қабылдады. Оған сәйкес, үш ай қатарынан 12 ең төменгі жалақыдан, яғни, 1 млн 20 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар ғана бақылауға алынады.
https://sputnik.kz/20250603/vitse-ministr-mobildi-audarymdarga-qatysty-tekseristin-tartibin-tusindirdi-54230767.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653899_321:0:1280:719_1920x0_80_0_0_ec1c288160194a4fbe444c1a01b2b36c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша, министрлік
мобильдік қосымша, министрлік
Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап екі айдан кейін енгізіледі
12:58 25.06.2025 (жаңартылды: 13:01 25.06.2025) Үш ай қатарынан 100 мобильді аударым алған адамдарға қатысты ақпарат салық органдарына жіберіледі
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Мобильді аударымдардың сомасына қатысты талап қыркүйек айында күшіне енеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжіліс депутаттары салық салу мәселелеріне қатысты заңды президентке жіберді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, дәл сол заңнан кейін мобильді аударымдардың сомасына қатысты тағы бір талап күшіне енеді.
"Бүгінде соммаға қатысты үшінші талап бойынша бұйрық дайын тұр. Оны бүгінгі заң жобасынан кейін бекітуі керек. Заң қабылданды және 60 күннен кейін күшіне енеді. Біз де тиісті нормативтік құжатты қабылдап, жұмыс істейтін боламыз. Қыркүйек айында күшіне енеді", - деді Біржанов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, бүгінде үш ай қатарынан 100 мобильді аударым алған адамдарға қатысты ақпарат салық органдарына жіберіледі. Қаржы министрлігі мен ұлттық банк қосымша талапты енгізуге шешім қабылдады. Оған сәйкес, үш ай қатарынан 12 ең төменгі жалақыдан, яғни, 1 млн 20 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар ғана бақылауға алынады.