Индонезияда Қазақстанның екі азаматы ұсталды

© Sputnik / Файед Эль-Гезири / Медиабанкке өтуДжакарта қаласы. Архивтегі фото
Джакарта қаласы. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Жазылу
Олар есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінді
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның екі азаматының Индонезияда ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Индонезияның құқық қорғау органдарының мәліметінше, елде Қазақстанның екі азаматы ұсталған.
"Олар есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Индонезияның құзырлы органдары аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, соған байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді Смадияров.
Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыста.
Ресми өкілдің айтуынша бұл мәселені қазақстандық дипломаттар бақылауына алған.
Акжаркын Турлыбай (в центре) и адвокат Сункар Нурмаганбетов (слева) - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: СІМ өмір бойына сотталған қазақ қызының жағдайы туралы айтты
Жаңалықтар
0