https://sputnik.kz/20250625/biz-danqty-erlerimiz-ben-tyl-enbekkerlerin-eshqashan-umytpaymyz--toqaev-55097181.html
Біз даңқты ерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ешқашан ұмытпаймыз – Тоқаев
Біз даңқты ерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ешқашан ұмытпаймыз – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы XI "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T15:54+0500
2025-06-25T15:54+0500
2025-06-25T15:54+0500
жеңістің 80 жылдығы
қасым-жомарт тоқаев
әлия молдағұлова
https://sputnik.kz/img/07e9/06/19/55096969_0:25:1280:745_1920x0_80_0_0_f52a653890ce1537a9dcae48e46ddd51.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.Биыл Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әскери-патриоттық қозғалыстарына мүше 800-ге жуық жастың басын қосқан іс-шара Ақтөбе облысында ұйымдастырылып отыр.Слет қос атаулы датаға – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналады.Қасым-Жомарт Тоқаев барша қатысушыларды "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуымен құттықтап, бұл жас өрендеріміздің рухын шыңдайтын өте маңызды іс-шара екеніне назар аударды.Президент халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқанын, азаттық пен әділдік үшін аянбай күрескенін атап өтті."Қазақстаннан 1 миллион 200 мың азамат майданға аттанды, оның тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Мыңдаған адам далада, зауыттар мен фабрикаларда еңбек етіп, майданға азық-түлік, қару-жарақ және оқ-дәрі жіберді. Біз даңқты ерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ешқашан ұмытпаймыз, олардың есімін мәңгі есте сақтаймыз. Батырларымыз жер-жаһандағы бейбітшілік пен тыныштық үшін аса ауыр сынақтарды еңсерді", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250625/bugin-100-zhyldygyna-oray-arnayy-keldim---toqaev-aliya-moldagulova-zhayynda--55093580.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/19/55096969_128:0:1153:769_1920x0_80_0_0_d4f68fe7a98d8d84976ff9594457224a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әлия молдағұлова
қасым-жомарт тоқаев, әлия молдағұлова
Біз даңқты ерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ешқашан ұмытпаймыз – Тоқаев
Мемлекет басшысы XI "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Биыл Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әскери-патриоттық қозғалыстарына мүше 800-ге жуық жастың басын қосқан іс-шара Ақтөбе облысында ұйымдастырылып отыр.
Слет қос атаулы датаға – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналады.
Қасым-Жомарт Тоқаев барша қатысушыларды "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуымен құттықтап, бұл жас өрендеріміздің рухын шыңдайтын өте маңызды іс-шара екеніне назар аударды.
"Биыл "Айбын" жиыны қазақтың қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналып отыр. Ержүрек мерген қыздың ерлігі халқымыздың және достас елдердің тарихына алтын әріппен жазылған. Қазақтың қаршадай қызы соғысқа аттанып, бірден қан майданның ортасына түсті. Ол сұрапыл шайқастарда теңдессіз ерлік пен Отан алдындағы парызға адалдық үлгісін көрсетті. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бұл – біздің елдерімізге ортақ тарихи мереке. Ұлы Жеңіс күнін атап өту – батыр бабалардың рухына тағзым ету, олардың ерлігін жадымызда жаңғырту деген сөз. Қазақстан үшін мұның мән-мағынасы айрықша", – деді мемлекет басшысы.
Президент халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқанын, азаттық пен әділдік үшін аянбай күрескенін атап өтті.
"Қазақстаннан 1 миллион 200 мың азамат майданға аттанды, оның тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Мыңдаған адам далада, зауыттар мен фабрикаларда еңбек етіп, майданға азық-түлік, қару-жарақ және оқ-дәрі жіберді. Біз даңқты ерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ешқашан ұмытпаймыз, олардың есімін мәңгі есте сақтаймыз. Батырларымыз жер-жаһандағы бейбітшілік пен тыныштық үшін аса ауыр сынақтарды еңсерді", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.