https://sputnik.kz/20250625/astana-men-zhezqazgan-mektepterinde-1-mynnan-astam-ekoboks-ornatylady-55084780.html
Астана мен Жезқазған мектептерінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады
Астана мен Жезқазған мектептерінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады
Sputnik Қазақстан
Былтырдан бастап өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T09:32+0500
2025-06-25T09:32+0500
2025-06-25T09:33+0500
астана
экология
https://sputnik.kz/img/955/86/9558647_0:101:1080:709_1920x0_80_0_0_30d655eaaea4c49fd9dec1d64e648131.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналып қалады, деп хабарлады үкімет.Ал оларды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құрады. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеу үшін заманауи инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Былтырдан бастап өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр.Сонымен қатар бүгінгі таңда 62 жоба мақұлданды, бұл өңдеу қуатын жылына 1,1 млн тоннаға арттырады. Оның ішінде 52,7 млрд теңгеге 13 жоба қаржыландырылды, ал тағы 21 жоба – 74,5 млрд теңге Кәсіпкерлікті дамыту қорында сараптама сатысында тұр.
https://sputnik.kz/20250523/turkistan-oblysynda-poligonnyn-70-i-talapqa-say-emes--53806886.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/955/86/9558647_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_ba5c2458e12cf02475e531beefc380ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, экология
Астана мен Жезқазған мектептерінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады
09:32 25.06.2025 (жаңартылды: 09:33 25.06.2025) Былтырдан бастап өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналып қалады, деп хабарлады
үкімет.
Ал оларды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құрады. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеу үшін заманауи инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Былтырдан бастап өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр.
"Маусым айының соңына дейін экология және табиғи ресурстар министрлігінің пилоттық жобасы аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады. Осылайша, ҚТҚ утилизациялау көлемін азайту бойынша өзекті мәселелердің бірі шешіледі", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар бүгінгі таңда 62 жоба мақұлданды, бұл өңдеу қуатын жылына 1,1 млн тоннаға арттырады. Оның ішінде 52,7 млрд теңгеге 13 жоба қаржыландырылды, ал тағы 21 жоба – 74,5 млрд теңге Кәсіпкерлікті дамыту қорында сараптама сатысында тұр.