https://sputnik.kz/20250625/almaty-oblysynda-arkheologtar-saq-dauirinin-altyn-zhuzigin-tapty-55103421.html
Алматы облысында археологтар сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты
Алматы облысында археологтар сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты
Sputnik Қазақстан
Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T20:32+0500
2025-06-25T20:32+0500
2025-06-25T20:32+0500
сақтар
әшекей
алтын құйма
https://sputnik.kz/img/07e9/06/19/55102246_0:184:630:538_1920x0_80_0_0_512822d4092f293d202fe8dc4ab05993.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы сақ дәуірінде қолданылған алтын әшекейлерді тапты, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазба жұмыстары жүргізілді.Археологиялық нысандардың негізгі бөлігі тізбектеле орналасқан және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған элиталық қорғандарға жатады. Тоғызбұлақ-2 қорымы ауылдың солтүстігінде орналасқан және жалпы саны 30-дан асатын түрлі қорғандардан тұрады.Тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақовтың айтуынша, Тоғызбұлақ-1 қорымындағы далалық зерттеулер барысында төрт қорған, ал Тоғызбұлақ-2 қорымында екі археологиялық нысан қазылды. Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардың үйіндісінен алтын әшекейлердің табылуы айтулы жаңалық болды.№4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектері табылды. Сүйек қалдықтарының жанынан керамикалық ыдыстар, темір заттар, тас келсап, жануарлар сүйектері, алтын тізбектің сынығы, әртүрлі алтын пластиналар және т.б. табылды.Мұндай артефактілер сирек кездеседі. Салмағы 8 грамға жуық жүзік алтын құймасынан жасалған. Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты. Бір қарағанда әйелдің жүзін, арыстанның тұмсығы мен жалын, тіпті бұқаны, қошқарды көруге болады, олардың таңбасы ежелгі тайпаларда кең тараған.Мамандардың айтуынша, мұндай жерлеу орындары мен артефактілер Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбалар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады.Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарынан табылған заттар ерте темір дәуірінде қолданыста болған және қазіргі Ұйғыр ауданының аумағы сақ мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/19/55102246_0:124:630:597_1920x0_80_0_0_3e917d558050c8398f1991e305f0eea9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сақтар, әшекей, алтын құйма
сақтар, әшекей, алтын құйма
Алматы облысында археологтар сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты
Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы сақ дәуірінде қолданылған алтын әшекейлерді тапты, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазба жұмыстары жүргізілді.
"Тоғызбұлақ ауылының маңында ерте темір дәуіріне жататын қорғандар зерттелді. Мамандар ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан және 20-дан астам қорғаннан тұратын Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарында далалық зерттеулер жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Археологиялық нысандардың негізгі бөлігі тізбектеле орналасқан және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған элиталық қорғандарға жатады. Тоғызбұлақ-2 қорымы ауылдың солтүстігінде орналасқан және жалпы саны 30-дан асатын түрлі қорғандардан тұрады.
Тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақовтың айтуынша, Тоғызбұлақ-1 қорымындағы далалық зерттеулер барысында төрт қорған, ал Тоғызбұлақ-2 қорымында екі археологиялық нысан қазылды. Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардың үйіндісінен алтын әшекейлердің табылуы айтулы жаңалық болды.
№4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектері табылды. Сүйек қалдықтарының жанынан керамикалық ыдыстар, темір заттар, тас келсап, жануарлар сүйектері, алтын тізбектің сынығы, әртүрлі алтын пластиналар және т.б. табылды.
"№3 қорғанның үйіндісінен адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ алтын пластиналар табылды. Олардың арасында арыстанның суреті салынған алтын жүзік ерекшеленеді", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай артефактілер сирек кездеседі. Салмағы 8 грамға жуық жүзік алтын құймасынан жасалған. Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты. Бір қарағанда әйелдің жүзін, арыстанның тұмсығы мен жалын, тіпті бұқаны, қошқарды көруге болады, олардың таңбасы ежелгі тайпаларда кең тараған.
Мамандардың айтуынша, мұндай жерлеу орындары мен артефактілер Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбалар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады.
Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарынан табылған заттар ерте темір дәуірінде қолданыста болған және қазіргі Ұйғыр ауданының аумағы сақ мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.