Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта іске қосты

© Photo : Пресс-служба Air Astana Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Жазылу
"Дубай-Алматы" рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс ретінде орындалады
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
25 маусымда келесі рейстер орындалады деп күтіліп отыр:
KC205 Астана-Дубай, 11:00
KC206 Дубай-Астана, 16:40
KC653 Алматы-Доха, 11:00
KC654 Доха-Алматы, 15:05
KC897 Алматы -Дубай, 11:15
KC898 Дубай-Алматы, 16:10
Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген.
Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 "Дубай-Алматы" рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс ретінде орындалады.
"Бұл рейстерге билеттер сатылымға шығарылды. Кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Компаниядағылар рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалып жатқанын ескертті.
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Air Astana 25 маусымнан бастап Таяу Шығысқа рейстерді қалпына келтіруі мүмкін
Жаңалықтар
0