https://sputnik.kz/20250624/shagym-181--ke-ulgaydy-mergaliev-toqaevqa-sot-zhuyesine-senim-artqanyn-aytty-55081345.html
"Шағым 18,1 %-ке ұлғайды": Мерғалиев Тоқаевқа сот жүйесіне сенім артқанын айтты
"Шағым 18,1 %-ке ұлғайды": Мерғалиев Тоқаевқа сот жүйесіне сенім артқанын айтты
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалған 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T19:38+0500
2025-06-24T19:38+0500
2025-06-24T19:38+0500
сот
жоғарғы сот
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55080743_33:0:1249:684_1920x0_80_0_0_cdb9d6578b2716aec3e91b9fdee24b89.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалады.Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процесс кезінде тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндады.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жасалды. Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын күшейтуді, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығын нығайтуды, қылмыстық процесті оңтайландырып, бюрократиядан арылтауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленді.Бұдан бөлек, президентке сот жүйесін цифрландыру барысы және кассациялық соттарды құру жұмыстары аяқталғаны жөнінде есеп берілді.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар мен сот қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекелерімен құттықтады. Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сот төрелігінің сапасын арттыру, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру маңызды екеніне назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55080743_185:0:1097:684_1920x0_80_0_0_35fc8a343aa8c9d978188a860b38ac09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, жоғарғы сот, қасым-жомарт тоқаев
сот, жоғарғы сот, қасым-жомарт тоқаев
"Шағым 18,1 %-ке ұлғайды": Мерғалиев Тоқаевқа сот жүйесіне сенім артқанын айтты
Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалған
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.
Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалады.
"Сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекетпен арадағы дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау көрсеткіші едәуір жақсарды. Әкімшілік сотта қаралған мұндай істердің 57,8 пайызында үкім азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына шешілді", - деп жазылған хабарламада.
Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процесс кезінде тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жасалды. Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын күшейтуді, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығын нығайтуды, қылмыстық процесті оңтайландырып, бюрократиядан арылтауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленді.
Бұдан бөлек, президентке сот жүйесін цифрландыру барысы және кассациялық соттарды құру жұмыстары аяқталғаны жөнінде есеп берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар мен сот қызметкерлерін тағы да кәсіби мерекелерімен құттықтады. Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сот төрелігінің сапасын арттыру, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру маңызды екеніне назар аударды.