https://sputnik.kz/20250624/qazaqstanda-inflyatsiya-119-ga-deyin-osedi--eadb-55074097.html
Қазақстанда инфляция 11,9%-ға дейін өседі – ЕАДБ
Қазақстанда инфляция 11,9%-ға дейін өседі – ЕАДБ
Sputnik Қазақстан
Алдағы екі жылға макро болжам жасалды 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T21:31+0500
2025-06-24T21:31+0500
2025-06-24T21:31+0500
экономика
инфляция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1e/48166776_0:71:961:612_1920x0_80_0_0_afe497a4be0462b94429a20c3c6f7db4.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасының 2025-2027 жылдарға арналған макроболжамын жариялады.Сарапшылар 2025 жылдың соңына қарай инфляция 11,9%-ға дейін өседі деп есептейді.2025 жылдың басында тұтыну бағасының өсуі мамырда 11,3%-ға, сәуірде 10,7%-ға дейін жеделдеді. Ал 2024 жылдың желтоқсанында ол 8,6% болды."Көрсеткіштің өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты – 2025 жылдың сәуір айының соңына қарай 4,5 пайызға артқан, бұл реттелетін тарифтердің өсуіне және нарықтық қызметтер құнының қымбаттауына байланысты", - деп хабарлайды банк сарапшылары.Орта мерзімді перспективада инфляция баяулайды. Салық реформасы аясында 2026 жылдың басында өсім болжанып отыр.Ал 2027 жылы 2026 жылдың жоғары көрсеткіштері есебінен және ақша-несие саясаты шараларының арқасында инфляция жыл соңына дейін 6,5%-ға дейін төмендейді.Сонымен қатар сарапшылар 2025-2027 жылдары тұрақты экономикалық өсім шамамен 5,5% құрайды деп болжап отыр.ЕАДБ қазіргі экономикалық жағдайды да бағалады. 2025 жылдың басында Қазақстан экономикасы қарқын алды. 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында ЖІӨ өсімі қаңтардағы 5,4%-дан кейін 6%-ға дейін жеделдеді."Көрсеткіштің жоғарылауында өнеркәсіп секторы шешуші рөл атқарды, оның өсу қарқыны қаңтардағы 2,3%-дан кейін қаңтар-сәуірде жылдық 6,6%-ға дейін өсті", - деп жазды ЕАДБ.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1e/48166776_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_2ac9395945a9a1dda05dff7b5a9ec0e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, инфляция, қазақстан
экономика, инфляция, қазақстан
Қазақстанда инфляция 11,9%-ға дейін өседі – ЕАДБ
Алдағы екі жылға макро болжам жасалды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасының 2025-2027 жылдарға арналған макроболжамын жариялады.
Сарапшылар 2025 жылдың соңына қарай инфляция 11,9%-ға дейін өседі деп есептейді.
"Бұл базалық мөлшерлемені 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін 16,5% деңгейінде ұстап тұру үшін алғышарт болмақ", - деп атап өтті ЕАДБ.
2025 жылдың басында тұтыну бағасының өсуі мамырда 11,3%-ға, сәуірде 10,7%-ға дейін жеделдеді. Ал 2024 жылдың желтоқсанында ол 8,6% болды.
"Көрсеткіштің өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты – 2025 жылдың сәуір айының соңына қарай 4,5 пайызға артқан, бұл реттелетін тарифтердің өсуіне және нарықтық қызметтер құнының қымбаттауына байланысты", - деп хабарлайды банк сарапшылары.
Орта мерзімді перспективада инфляция баяулайды. Салық реформасы аясында 2026 жылдың басында өсім болжанып отыр.
"Біз оның шарықтау шегі 2026 жылдың екінші тоқсанында болады деп болжап отырмыз. Бизнес пен халық фискалдық сектор заңнамасындағы өзгерістерге бейімделуіне байланысты, сондай-ақ қатаң ақша-несие шарттарын сақтау аясында инфляция 2026 жылдың екінші жартыжылдығында бәсеңдей бастайды және жыл соңына дейін 11,7% деңгейінде болады деп болжануда", - делінген ЕДБ хабарламасында.
Ал 2027 жылы 2026 жылдың жоғары көрсеткіштері есебінен және ақша-несие саясаты шараларының арқасында инфляция жыл соңына дейін 6,5%-ға дейін төмендейді.
Сонымен қатар сарапшылар 2025-2027 жылдары тұрақты экономикалық өсім шамамен 5,5% құрайды деп болжап отыр.
ЕАДБ қазіргі экономикалық жағдайды да бағалады. 2025 жылдың басында Қазақстан экономикасы қарқын алды. 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында ЖІӨ өсімі қаңтардағы 5,4%-дан кейін 6%-ға дейін жеделдеді.
"Көрсеткіштің жоғарылауында өнеркәсіп секторы шешуші рөл атқарды, оның өсу қарқыны қаңтардағы 2,3%-дан кейін қаңтар-сәуірде жылдық 6,6%-ға дейін өсті", - деп жазды ЕАДБ.