Қазақстан мен Қытай Каспий теңізінде көмірсутектерді өндіреді
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Транспортировка нефти на Каспии

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
Жазылу
Екі елдің мұнай компаниялары келісімшартқа отырды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" АҚ және CNOOC Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағында орналасқан "Жылыой" күрделі жобасы аясында көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және CNOOC келісімшартқа қол қойды

Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және CNOOC келісімшартқа қол қойды
© Photo : пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"
"ҚазМұнайГаз" АҚ мәліметінше Қытайдың ірі CNOOC компаниясы Қазақстанға алғаш рет инвестиция құйып, оны геологиялық барлау жобаларынан бастап отыр.
"Серіктестік "Жылыой" геологиялық барлау жобасын 50/50 тепе-тең талаптармен бірлесіп іске асыруды көздейді. Барлау кезеңін CNOOC қаржыландырылады", - деп жазылған хабарламада.
Жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының минималды бағдарламасы мыналарды қамтиды:
3D сейсмикалық барлау (дала жұмыстары, 400 шаршы км деректерін өңдеу және талдау),
2D 400 бойлық км тарихи деректерді қайта өңдеу,
2000 м тереңдікте бір тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең),
3D сейсмикалық барлау деректерінің нәтижелеріне қарай тереңдігі 4500 м бір тұзасты барлау ұңғымасын (тәуелді кезең) бұрғылау.
CNOOC (China National Offshore Oil Corporation) — барлау мен өндірумен айналысатын мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Ол халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатып, 20-дан астам елде ірі жобаларды іске асыруға атсалысады.
© Photo : пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және CNOOC келісімшартқа қол қойды

Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және CNOOC келісімшартқа қол қойды
© Photo : пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"