Енді eGov арқылы полицияға тікелей хабарласуға болады

© Sputnik / Тимур БатыршинeGov қызметі
eGov қызметі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Жазылу
Сервис тәулік бойы жұмыс істейді
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. eGov қосымшасында "Заң мен Тәртіп" жаңа цифрлық сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жаңа сервис арқылы кез келген адам құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей хабарлай алады.
"Қосымшаның басты бетінде арнайы "Заң мен Тәртіп" түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді", - дейді тәртіп сақшылары.
Тура сондай сервис кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланды. Негізгі мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету.
Сервис тәулік бойы жұмыс істейді. Ал өтініштер бүкіл республика бойынша қабылданады.
eGov бір күн бойы істемейді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
eGov порталы қазақстандықтарға ескерту жасады
Жаңалықтар
0