Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинадағы атысты алдын ала шартсыз тоқтатуға күш салып жатыр – Лавров

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел России Сергей Лавров
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Батыс Украина үшін алдын ала шартсыз атысты тоқтатуды қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бүгін Лавров "Примаков оқулары" форумына қатысып, Батыс елдерінің қазіргі әрекетіне тоқталды.
"Қазір (Батыс елдері — ред.) алдын ала шартсыз шұғыл бітімді талап етіп отыр, жалбарынып сұрап жатыр", — деді ол.
Министрдің айтуынша, Батыс елдерінің ұстанымы үнемі өзгеріп отырады. Бас кезінде олар Ресейдің стратегиялық тұрғыда ұтылғанын талап етті. Енді ұрандарын өзгерткен. Бұның барлығы әу бастағы ойлары жүзеге аспағанын көрсетіп жатыр.
Лавров "Таяу Шығыстағы жағдайға АҚШ қосылса, Ресейге Украинада жеңіл болады" деген пікірге қатысты өз ойын да айтты.
"Олар Таяу Шығыстағы шиеленістен шыға алмайды. Содан бізге жеңіл болады дейді. Ондайға ешкім жай сеніп отыра бермейді. Біздің әрекетіміз оған тәуелді емес. Бірақ Таяу Шығыста проблема бар. Оны қолдан жасамаған", - деп атап өтті Лавров.
Бұдан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрі тағы бірнеше маңызды мәлімдеме жасады. Олар:
Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қалыпты қарым-қатынастар әлемдік дағдарыстардың алдын алуға пайдалы бола алады;
Тараптар әзірше стратегиялық тұрақтылыққа қатысты мәселелерді талқылайтындай деңгейде емес;
Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске қатысты:
Иранның Израильге шабуыл жасағаны немесе ол шабуылды дайындағаны жайында ешқандай дәлелдер жоқ;
Мәскеу Таяу Шығыстағы шиеленісті реттеуге қатысты өз ұсыныстарын жасаған, оған қатысты позитивтік реакция болды;
Ресей шиеленіс тараптарын бітістіруші болуға тырыспайды;
атысты тоқтау туралы шешімнің қаншалықты тұрақты болатынын айту қиын;
Вашингтон мен Тель-Авитің Иран ядролық нысандарына жасаған шабуылдарына Батыс елдері кінәлі.
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Еуропада қару-жарақ өндіруді жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0