Астанада полицияның басқару академиясы ашылды

Астанада полицияның басқару академиясы ашылды
Астанада полицияның басқару академиясы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Жазылу
Оқу орнында патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, "ақылды көзілдірік" және басқа да озық технологиялар бар
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Астанада ішкі істер министрлігінің басқару академиясы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, академия кадрлық әлеуетті нығайтып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізуге көмектеседі. Стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын басқарушылар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Академия технологиялық новацияларды енгізу құралдарын кеңейтіп, жаһандық цифрландыру және жасанды интеллектіні жаппай енгізу жағдайында көшбасшылық пен бәсекеге қабілетті жұмыстың заманауи тәсілдерін меңгеруге жол ашады.
"Оқу орнында құқық қорғау органдары қолданатын заманауи технологиялар, атап айтқанда цифрлы зертхана, цифрлы шешімдер аудиториясы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды интеллекті көмегімен талдау, кіріктірілген радар орнатылған патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, "ақылды көзілдірік" және басқа да озық технологиялар бар", - делінген ресми хабарламада.
Ал оқу бағдарламасы басқару құзіреттілігіні дамытуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын мұнда басшылық құрамды даярлау бағыттары бойынша 100-ден астам адам, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 адам білім алады.
Бүгінде академия ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінен тыңдаушылардың алғашқы легін дайындауды бастады.
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Ақмола облысында жемқорлардан қайтарылған ақшаға салынған екі мекеме ашылды
Жаңалықтар
0