https://sputnik.kz/20250624/almaty-oblysynda-eki-adamdy-poyyz-basyp-ketti-55074246.html
Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Sputnik Қазақстан
Екеуі де алған жарақатынан көз жұмды 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T15:40+0500
2025-06-24T15:40+0500
2025-06-24T15:41+0500
пойыз
пойыз апаты
басып кетті
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53297711_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_a77f82d312be119c0293522229f70c72.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Алматы облысында "Отар – Алматы – 1" учаскесінде екі адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Қазақстан темір жолы" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 23 маусымда кешкі сағат 19:10-да "Ақсеңгір-Бұрындай" өткелінде болған.Ал көліктегі полиция департаменті ұсынған ақпарат бойынша пойыз астына түскен екі адам теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуге тырысқан. Екеуі де алған жарақатынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды.Айта кетері, тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 3-бөлігі (Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүргізіліп жатыр. Осы бапта төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53297711_75:0:1206:848_1920x0_80_0_0_8fc429a1492217483af02626731bec94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, пойыз апаты, басып кетті
пойыз, пойыз апаты, басып кетті
Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
15:40 24.06.2025 (жаңартылды: 15:41 24.06.2025) Екеуі де алған жарақатынан көз жұмды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Алматы облысында "Отар – Алматы – 1" учаскесінде екі адамды пойыз басып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Қазақстан темір жолы" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 23 маусымда кешкі сағат 19:10-да "Ақсеңгір-Бұрындай" өткелінде болған.
"Пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналына назар аудармады. Қашықтықтың қысқалығына байланысты пойыз тоқтай алмады", - делінген ресми хабарламада.
Ал көліктегі полиция департаменті ұсынған ақпарат бойынша пойыз астына түскен екі адам теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуге тырысқан. Екеуі де алған жарақатынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 3-бөлігі (Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүргізіліп жатыр. Осы бапта төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.