Ресейде "Крокус Сити Холлдағы" терактіге қатысты істі тергеу аяқталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейде "Крокус Сити Холлдағы" шабуыл туралы істі тергеу аяқталды
Ресейде Крокус Сити Холлдағы шабуыл туралы істі тергеу аяқталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Жазылу
Қатысушылардың бір бөлігі Ресейге шетелден келіп, сол жерде дайындықтан өткен
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Ресейде "Крокус Сити Холлдағы" терактіге қатысты істі тергеу аяқталды.
Тергеу барысында оны Ресейдегі саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін Украина басшылығы жоспарлағаны және жасағаны анықталды, деп хабарлады РИА Новости.
Бірнеше айыпталушы Дағыстанның Каспийск қаласындағы ойын—сауық кешенін жарғысы келген. Бірақ қылмыстың алды алынды.
"Крокус Сити Холлдағы" шабуылға дайындық бірнеше айға созылды. Күдіктілердің бір бөлігі Ресейге шетелден келген, олар сол жерде дайындықтан өткен. Бірнеше адам сол уақытта Ресейде тұрып, қылмысқа арналған құралдар іздеген.
Өзге айыпталушылар атыс қаруын қайта жасап, оны террористерге жіберіп отырған, дейді Ресейдің тергеу комитеті.
Кейін ол қарулар Каспийскіге жеткізіліп, сол жерден шабуыл алдында Мәскеу өңіріне жіберілген. Терактіден кейін олар Украинада жасырынуға тырысты.
Теракт кезінде 149 адам қаза тапты, біреуі хабар-ошарсыз кетті, 609-ы түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Жаңалықтар
0