Президент жергілікті жердегі мамандардың жағдайын жақсартуды тапсырды

© АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Жазылу
Тоқаевтың айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесінің басты мақсаты тек жазалау деген түсініктен арылу қажет
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге пробациялық қызмет мамандарының жағдайын біртіндеп жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында мемлекет басшысы сотталған адамдардың қалыпты өмірге оралуына ықпал ететін озық тәсілдерді енгізуді жүктеді. Мәселен, шетелде ескерту алмаған, жаңа білім игерген, сондай-ақ, спорттық-мәдени шараларға қатысқандарға "қамау мерзімін қысқартуға кредиттер" ұсынылады. Сондай-ақ, жазасын өтеп жүргендерді жұмыспен қамту шараларына басымдық беру керек.
"Біз қазір қылмыстық жаза саясатын мейлінше ізгілендіруге, жетілдіруге баса мән береміз, яғни бас бостандығынан айырудан бөлек жаза түрлеріне басымдық беріледі. Бұл пробация қызметіне анағұрлым көп салмақ түседі деген сөз. Сондықтан аймақ әкімдері осы салада жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік жағдайын біртіндеп жақсарту жолдарын қарастыруы керек. Сондай-ақ пробациялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қолға алу қажет", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесінің басты мақсаты тек жазалау деген түсініктен арылу қажет.
"Қателік жасап, қамауға түскен адамды жаншып, басып тастауға тырысу – дұрыс емес, біз ондай адамның тура жолға түсіп, түзеліп кетуіне қол ұшын беруіміз керек. Бәріміз бір ел болып өркениетті, озық және әділетті қоғам құрып жатырмыз. Заң да, сот та – әділ болуға міндетті. Бұл – мызғымас қағида", - деп атап көрсетті президент.
Мемлекет шалыс басқан азаматтан теріс айналмайды: Тоқаев рақымшылық жариялады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
"Мемлекет шалыс басқан азаматтан теріс айналмайды": Тоқаев рақымшылық жариялады
Жаңалықтар
0