Шығыс Қазақстанда жас жігітті құтқармақ болған екі адам суға кетті

Жазылу
Екі адамның денесі табылды, үшіншісі іздестіріліп жатыр
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында суға батып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

"Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 18 жастағы жігіт суға батып кетті, оған 34 және 33 жастағы екі адам көмекке жүгірді, бірақ ағымды жеңе алмай суға батып кетті", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар екі адамның денесін тапты, үшіншісі іздестіріліп жатыр.
Іздеуге барлығы 176 адам, 15 жүзу құралы мен су астындағы дрон тартылды.
@sputnik_aitady
Ребенок утонул, купаясь в опасном месте на озере в Северном Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Ақтауда екі жасөспірім суға батып кетті: біреуі қаза тапты
Жаңалықтар
0