Жылына 120 мың тонна өнім өндіреді: Жамбыл облысында жемдік ұн зауыты ашылады

Кормовая мука - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2025
Жазылу
Бұл өңірдегі сапалы мал азығы өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырады
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында жылына 120 мың тонна өнім өндіретін жемдік ұн зауыты іске қосылады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өңірде ірі және ұсақ малға арналған мал азығы ұнын өндіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Шикізат ретінде бидай, арпа және жүгері пайдаланылады.
"Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 000 тонна дайын өнім. Бұл өңірдегі сапалы мал азығы өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, құрамажем импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның құны – 980 миллион теңге. Өндірістік желі 2026 жылдың наурызында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Кәсіпорынның іске қосылуы мал шаруашылығының дамуына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің өндірістік әлеуетін нығайтады.
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Диқандар 13 млн гектар жерге бидай екті
Жаңалықтар
0