https://sputnik.kz/20250622/zhetisu-oblysynda-9-mln-tengenin-malyn-urlady-degen-kudikpen-eki-adam-ustaldy-55010250.html
Жетісу облысында 9 млн теңгенің малын ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды
Жетісу облысында 9 млн теңгенің малын ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Екеуі де Көксу ауданының тұрғыны болып шықты 22.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-22T20:10+0500
2025-06-22T20:10+0500
2025-06-22T20:10+0500
мал
ұрлық
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37475458_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3f17f3f80463e8989e0dc8d009e979b2.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Жетісу облысының Көксу ауданында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бірнеше деректі анықтап, қылмыскерлердің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 маусым күні Мұқаншы ауылдық округінің жайылымынан белгісіз біреулер 9 бас ірі қараны қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 2,5 миллион теңгені құраған.Алайда бұл – олардың жалғыз қылмысы емес екен. Арада бірнеше күн өткен соң, сол өңірдегі Алғабас ауылдық округі аумағында тағы бір дерек тіркелді. Бұл жолы қаскөйлер 14 бас ірі қараны айдап әкетіп, шаруашылық иесіне 7 миллион теңгеден астам шығын келтірген.Операция барысында MAN жүк көлігі тоқтатылып, көлік ішінде ұрланған малдың сатып алушысы ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды.Тексеру кезінде жүк бөлігінен жәбірленушілерге тиесілі 14 бас ірі қара мал табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына қатысты бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Заң бойынша мұндай қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жалғастырып, ұсталған азаматтардың өзге де мал ұрлығына қатысы бар-жоғын мұқият тексеруде.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37475458_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b075b61988e852dfc133513e523d3c03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал, ұрлық, жетісу облысы
мал, ұрлық, жетісу облысы
Жетісу облысында 9 млн теңгенің малын ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды
Екеуі де Көксу ауданының тұрғыны болып шықты
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Жетісу облысының Көксу ауданында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бірнеше деректі анықтап, қылмыскерлердің жолын кесті, деп хабарлайды
Polisia.kz. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 маусым күні Мұқаншы ауылдық округінің жайылымынан белгісіз біреулер 9 бас ірі қараны қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 2,5 миллион теңгені құраған.
Алайда бұл – олардың жалғыз қылмысы емес екен. Арада бірнеше күн өткен соң, сол өңірдегі Алғабас ауылдық округі аумағында тағы бір дерек тіркелді. Бұл жолы қаскөйлер 14 бас ірі қараны айдап әкетіп, шаруашылық иесіне 7 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
"Аталған деректер бойынша Көксу аудандық полиция бөлімінің және облыстық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізіп, нәтижесінде 51 және 37 жастағы екі күдікті қолға түсті. Екеуі де Көксу ауданының жергілікті тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Операция барысында MAN жүк көлігі тоқтатылып, көлік ішінде ұрланған малдың сатып алушысы ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды.
Тексеру кезінде жүк бөлігінен жәбірленушілерге тиесілі 14 бас ірі қара мал табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына қатысты бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Заң бойынша мұндай қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жалғастырып, ұсталған азаматтардың өзге де мал ұрлығына қатысы бар-жоғын мұқият тексеруде.