Ресей мен Беларусь қазақстандық кәсіпорындар базасында тракторлар өндірісін іске қосады

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуПоливное земледелие
Поливное земледелие - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ресей және Беларусьпен бірлесіп қазақстандық кәсіпорындар базасында ауқымды трактор өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Ресей экономикалық даму вице-министрі Дмитрий Вольвач тілшімізге айтты.
Ол ПХЭФ-2025 алаңында ЕАЭО аясында қаржылық қолдау алатын бірлескен жобалар туралы айтып берді.
"Тағы бір жоба – Қазақстан мен Беларусь серіктестерінің қатысуымен ресейлік кәсіпорындар базасында жоғары жылдамдықты темір жолдар үшін маңызды бөлшектер өндірісі", - деді Вольвач.
Биыл осындай өнеркәсіптік кооперация жобаларын бірлесіп қаржыландыруға ЕАЭО бюджетінен 3,2 млрд рубльден астам (42 млн доллар) бөлінген.
Оның айтуынша, бұл қолдау шарасы ұлттық қолдау шараларын жоққа шығармайды, керісінше толықтырады.
"Ресейдің ЕАЭО-дағы тауарлар мен қызметтер саудасының өсу қарқыны оның құрамына кірмейтін ТМД елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары", - деп атап көрсетті Вольвач.
Жаңалықтар
0