https://sputnik.kz/20250621/ministrlik-shegirtkege-qarsy-kures-pen-fitoqauipsizdik-maselesin-talqylady-54978000.html
Министрлік шегірткеге қарсы күрес пен фитоқауіпсіздік мәселесін талқылады
Министрлік шегірткеге қарсы күрес пен фитоқауіпсіздік мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шегірткеге қарсы... 21.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-21T20:44+0500
2025-06-21T20:44+0500
2025-06-21T20:44+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0f/44986313_0:0:2874:1617_1920x0_80_0_0_b8a1570c0b15b0afa138215e7f05a8ee.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.Вице-министр Бағлан Бекбауовтың айтуынша, қазіргі таңда 11,4 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары зерттеліп, 2 млн гектар жер өңделді. Бұл – шегірткелер таралуы болжанған аумақтың 95,5 пайызы. Жамбыл және Түркістан облыстарында мароккалық шегірткемен күрес шаралары толық аяқталды. 15 өңірде итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.Азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 8 облыста жүргізілуде. Жалпы 443 арнайы бүрку техникасы мен 3,5 мың маман тартылған.Сондай-ақ карантиндік фитосанитариялық бақылау нәтижелері де жарияланды: 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында заңнаманы бұзудың 1 342 дерегі тіркеліп, 130,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Зиянды өнімді елге әкелудің 65 әрекеті тоқтатылып, 79 халықаралық нотификация жолданды.Жыл басынан бері шекаралық бақылауды күшейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. ЕАЭО елдерімен шекарадағы өткізу пункттерінде фитосанитариялық инспекторларды орналастыру жұмыстары басталды. Карантиндік өнімді жедел диагностикалауға арналған мобильді зертханалар іске қосылып, осының арқасында 145 рет қауіпсіздігі күмәнді ауыл шаруашылығы өнімін елге кіргізудің жолы кесілді.Пилоттық режимде Ақтөбе облысындағы "Әлімбет" бақылау-өткізу пунктінде карантиндік құжаттарды электронды рәсімдеу жобасы іске қосылды. Жақын арада бұл жоба Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы шекарасындағы 32 бақылау-өткізу бекетінде кеңейтіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0f/44986313_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_be963b4806561c5107e8f9f3bdd7e74c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Вице-министр Бағлан Бекбауовтың айтуынша, қазіргі таңда 11,4 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары зерттеліп, 2 млн гектар жер өңделді. Бұл – шегірткелер таралуы болжанған аумақтың 95,5 пайызы. Жамбыл және Түркістан облыстарында мароккалық шегірткемен күрес шаралары толық аяқталды. 15 өңірде итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.
Азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 8 облыста жүргізілуде. Жалпы 443 арнайы бүрку техникасы мен 3,5 мың маман тартылған.
Сондай-ақ карантиндік фитосанитариялық бақылау нәтижелері де жарияланды: 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында заңнаманы бұзудың 1 342 дерегі тіркеліп, 130,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Зиянды өнімді елге әкелудің 65 әрекеті тоқтатылып, 79 халықаралық нотификация жолданды.
Жыл басынан бері шекаралық бақылауды күшейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. ЕАЭО елдерімен шекарадағы өткізу пункттерінде фитосанитариялық инспекторларды орналастыру жұмыстары басталды. Карантиндік өнімді жедел диагностикалауға арналған мобильді зертханалар іске қосылып, осының арқасында 145 рет қауіпсіздігі күмәнді ауыл шаруашылығы өнімін елге кіргізудің жолы кесілді.
Пилоттық режимде Ақтөбе облысындағы "Әлімбет" бақылау-өткізу пунктінде карантиндік құжаттарды электронды рәсімдеу жобасы іске қосылды. Жақын арада бұл жоба Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы шекарасындағы 32 бақылау-өткізу бекетінде кеңейтіледі.