Қазақстан көгінде украиналық дрондар пайда болды: Мәскеу пікір білдірді

© Photo : МИД РоссииМария Захарова
Мария Захарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2025
Жазылу
Ресей Сыртқы істер министрлігі ҰҚШҰ қорғанысын күшейтуге шақырды
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мәскеу украиналық ұшқышсыз ұшақтардың Қазақстан көгінде пайда болуын қатаң айыптайды, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.
Ресей сыртқы істер министрлігі дрондар Ресейге соққы жасамақ болды деп санайды.
«Біз одақтасымызға және ҰҚШҰ мүшесіне қатысты жасалған мұндай әрекеттерді қатаң айыптаймыз», - деді Мария Захарова.
Ол халықаралық құрылымдарды осы мәселеге назар аударуға шақырды.
«Батыс Қазақстан облысының аспанында украиналық дрондардың пайда болуы ҰҚШҰ ұжымдық қорғанысын күшейту қажеттігін көрсетеді», - деді ол.
@sputnik_aitady
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Украина келіссөздің үшінші кезеңін өткізу күнін бірлесіп анықтайды
Жаңалықтар
0