Жыл басынан бері 85 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевЛесопитомник
Лесопитомник - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Былтыр фермерлердің су үнемдеу технологиясына кеткен шығынының өтемақысы 30%-ға артты
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда шамамен 85 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Оңтүстік өңірлерде 59 мың гектарға жуық жерге су үнемдеу технологиясы орнатылған. Оның ішінде 15,5 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелері, 29,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылған, ал 14,1 мың гектар жер лазерлік құрылғымен тегістелген.
2024 жылдың қорытындысына сәйкес, ел бойынша шамамен 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген болатын. Оның ішінде оңтүстік өңірлерге тиесілісі — 130 мың гектар шамасында.

"Былтыр министрлігіміз фермерлердің су үнемдеу технологиясын сатып алуы мен орнатуына кеткен шығынның өтемақысын 30%-ға арттырды. Сонымен қатар суармалы суға сараланған субсидиялар енгізілді. Су үнемдеу жүйелерін қолданатын шаруалар үшін субсидия көлемі 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. Мұндай технологияларды қолдану суармалы суды 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді", – деді министрлікке қаарсты Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.

Қазір Қазақстанда жаңбырлатып және тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Олар Түркістан облысында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан. Биыл Түркістан облысында тамшылатып суару жабдықтарын шығаратын үш зауыт ашу жоспарланып отыр.
Жительница аула Карабулак Акмолинской области Гульмайра Баймакова задалась целью поднять уровень жизни сельчанок - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Су үнемдеу технологияларын әзірлейтін 5 зауыт ашылады
Жаңалықтар
0