Қазақстан мен "Росатом" ПХЭФ-2025 аясында АЭС құжаттарына қол қояды

ПМЭФ-2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын 2035-2036 жылдарға қарай Алматы облысында, Балқаш көлінің жағасында салу жоспарланып отыр
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан мен "Росатом" 20 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумында АЭС құрылысы жобасы бойынша құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС.
"Қазақстанда АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруға қатысты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр", - деді агенттікке жағдаймен таныс дереккөз.
14 маусымда Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі "Росатом" АЭС құрылысына барынша оңтайлы жағдай ұсынғанын және АЭС құрылысы бойынша консорциумның көшбасшысы болып таңдалғанын хабарлады.
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын 2035-2036 жылдарға қарай Алматы облысында, Балқаш көлінің жағасында салу жоспарланып отыр.
Атом энергиясы агенттігінің хабарлауынша, Ресейден мемлекеттік экспорттық қаржы тарту бойынша келіссөздер жүргізу, сондай-ақ үкіметаралық келісімдер жасау жоспарланып отыр.
Бұған дейін форум аясында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстан бірінші АЭС құрылысына қатысты барлық мәселені ресейлік тараппен мүмкіндігінше тезірек шешуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0