ПХЭФ-2025: Қазақстан мен Ресей тағы бір маңызды құжатқа қол қойды

© Пресс-служба Совета Федерации РФ / Медиабанкке өтуПервый заместитель председателя Совета Федерации Федерального собрания РФ Андрей Яцкин
Первый заместитель председателя Совета Федерации Федерального собрания РФ Андрей Яцкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
ПХЭФ аясында екі өңірдің делегациялары кездесті
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ресей Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин Шығыс Қазақстан облысымен арадағы екі жақты ынтымақтастық байланыстарын жоғары бағалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Тверь облысының үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ресми шараға Ресей Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин де қатысты.
"Тверь облысының губернаторы Игорь Рудень мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановқа екі жақты ынтымақтастықты күшейту бойынша қолға алып жатқан шаралар үшін алғысымды айтамын. Бірлескен нақты жобалар жылдам іске асырылады деп сенеміз", - деді Яцкин.
Оның айтуынша, меморандумға сәуір айында Тверьде өткен Федерация кеңесі мен Қазақстан сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 23-ші отырысы кезінде жасалған келісімдердің нәтижесінде қол қойылды.
Меморандум ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, білім және туризм сияқты маңызды салаларды қамтиды.
"Меморандумның жасалуы өңірлер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға, сондай-ақ тауар айналымы мен өзара инвестиция көлемін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз. Бұл әріптестік өзара тиімді әрі жемісті болатынына сенімдіміз", – дейді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс делегациясы Ресейде өтіп жатқан "Көпполярлы әлемдегі өсудің негізі – ортақ құндылықтар" атты XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысып жатыр. Сақтағанов Тверь облысының губернаторын биыл 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстанда өтетін "Altai Invest – 2025" халықаралық инвестициялық форумына да шақырды.
Айта кетері, Шығыс Қазақстан облысы Ресеймен сыртқы экономикалық байланыстарды белсенді түрде жүргізіп келеді. Өткен жылы өңірдің сыртқы сауда айналымының шамамен 26 пайызы Ресейдің үлесіне тиіп, көлемі 1,2 млрд АҚШ долларынан асты.
Жаңалықтар
0