Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Александр Бублик - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін әлемнің 23-ші ракеткасы чехиялық Томаш Махачпен кездеседі
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Әлемнің 45-ші ракеткасы, Қазақстанның өкілі Александр Бублик Галледе (Германия) өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екінші айналымдағы кездесуде Бублик "Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнерді (1) 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша Синнер өткен жылғы Галле чемпионы атағын қорғай алмады.
Бублик Галледегі турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін әлемнің 23-ші ракеткасы чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.
Александр Бублик - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2024
Қазақстандық теннисші Александр Бублик рекорд орнатты
Жаңалықтар
0