‍Трансгендерлер "Қазақстан аруы" байқауына қатыса алмайды

© Sputnik / Владислав ВодневКорона Мисс Казахстана
Корона Мисс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
‍АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Трансгендерлер «Қазақстан аруы» байқауына қатыса алмайды.
Бұған дейін БАҚ-та олардың байқауға қатыса алатыны туралы хабар тараған еді. Байқау ұйымдастырушылары мұны жоққа шығарды.
«Біз әрбір өтінімді қарастырамыз, бірақ түпкілікті шешім елдің мәдени кодына сәйкес келетін қатаң критерийлер мен ережелер бойынша қабылданады», - деп хабарлады байқаудың баспасөз қызметі тілшімізге.
Байқау сайтында «Қатысушыларға қойылатын талаптар» бөлімі бар. Талап: жасы – 26 жасқа дейін, бойы 168 см-ден бастап және т.б.
Қазірдің өзінде аймақтық іріктеу жүріп жатыр. Биыл «Мисс Қазақстан» байқауының финалы Алматы метросында өтеді.
@sputnik_aitady
Жаңалықтар
0