2 тонна прекурсор: Таразда ірі синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

© Photo : Комитет государственных доходов КазахстанаСинтетикалық есірткі
Синтетикалық есірткі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Таразда синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісі анықталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Есірткі зертханасын Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен осы жылдың мамырында анықтаған.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Тінту барысында 66 килограммнан астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Комитеттегілер заңға сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарламада.
Жаңалықтар
0