Вице-премьер "Газпром" бас директорымен газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады

© Photo : Пресс-служба ПАО "Газпром"Роман Скляр
Роман Скляр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
Қазақстан мен Ресей өкілдері газ саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр ресейлік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллермен кездесті, деп хабарлайды компаниядағылар.
"Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр арасында жұмыстық кездесуі өтті. Газ саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу саласындағы мәселелер", - делінген хабарламада.
© Photo : Пресс-служба ПАО "Газпром"Алексей Миллер
Алексей Миллер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Алексей Миллер
2024 жылдың қарашасында "Газпром" мен Қазақстан үкіметі 2025-2026 жылдарға арналған Қарашығанақ кен орнындағы газды өңдеу және сатудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойды.
18-21 маусым аралығында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 2025 өтіп жатыр.
Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Путин ПХЭФ-те Ресейдің экономикалық дамуына баға береді – Песков
Жаңалықтар
0