https://sputnik.kz/20250619/toqaev-bekzat-sattarkhanov-atyndagy-sport-keshenin-aralap-kordi-54856304.html
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесті 19.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-19T12:12+0500
2025-06-19T12:12+0500
2025-06-19T12:45+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/06/13/54858059_0:28:1280:748_1920x0_80_0_0_102eb85ebf5a68daf9053922d13a3ed2.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, Олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді."Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді", – деді мемлекет басшысы.Сонымен қатар мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды.Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді."Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/13/54858059_123:0:1158:776_1920x0_80_0_0_205d7f40f3f352fab4b848635717f504.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді
12:12 19.06.2025 (жаңартылды: 12:45 19.06.2025) Мемлекет басшысы жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесті
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.
Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.
Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.
Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, Олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.
"Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді", – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды.
Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.