https://sputnik.kz/20250619/qazaq-baluandary-aziya-chempionatynda-3-altyn-medal-zhenip-aldy-54853883.html
Қазақ балуандары Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды
Қазақ балуандары Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан қоржынына 6 медаль түсті, оның үшеуі алтын 19.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-19T10:46+0500
2025-06-19T10:46+0500
2025-06-19T10:46+0500
азия чемпионаты
алтын жүлде
қазақстандық балуан
https://sputnik.kz/img/242/43/2424347_0:140:3145:1909_1920x0_80_0_0_44eb23725294ab63bb89d4ab4d050223.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа және 23 жасқа дейінілер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресі бойынша бәсекелер өтті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 6 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 60 келіде Исхар Құрбаев, 67 келіде Бағдат Сабаз және 77 келіде Ақжан Ықыласов сияқты балуандар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды.Бұған қоса, ұлттық құрама өкілдері 2 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Атап атйқанда, ауыр салмақтардағы Юсуф Мациев пен Джохар Узаров финалда есе жіберіп, күміске қол созса, 82 келідегі Диас Қалтай үздік үштікті түйіндеді.Енді бүгін қалған салмақтардағы белдесулер болады. Оның ішінде Ерасыл Мамырбеков, Оңдасын Хамитов, Серғазы Әбдіхадыр және Мақсат Сайлау сияқты жерлестеріміз бозкілемге шығады.Одан кейін қыздар күресі жәіне еркін күрес бойынша сындар өтеді. Вунгтау қаласындағы жарыс 26 маусымға дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20250615/shakhmattan-alem-chempionatynda-qazaqstan-qorzhynyna-4-medal-tusti-54688947.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/242/43/2424347_206:0:2937:2048_1920x0_80_0_0_96a3537daefed48669cb29b90ce300f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия чемпионаты, алтын жүлде, қазақстандық балуан
азия чемпионаты, алтын жүлде, қазақстандық балуан
Қазақ балуандары Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан қоржынына 6 медаль түсті, оның үшеуі алтын
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа және 23 жасқа дейінілер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды
24kz. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресі бойынша бәсекелер өтті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 6 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 60 келіде Исхар Құрбаев, 67 келіде Бағдат Сабаз және 77 келіде Ақжан Ықыласов сияқты балуандар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды.
Бұған қоса, ұлттық құрама өкілдері 2 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Атап атйқанда, ауыр салмақтардағы Юсуф Мациев пен Джохар Узаров финалда есе жіберіп, күміске қол созса, 82 келідегі Диас Қалтай үздік үштікті түйіндеді.
Енді бүгін қалған салмақтардағы белдесулер болады. Оның ішінде Ерасыл Мамырбеков, Оңдасын Хамитов, Серғазы Әбдіхадыр және Мақсат Сайлау сияқты жерлестеріміз бозкілемге шығады.
Одан кейін қыздар күресі жәіне еркін күрес бойынша сындар өтеді. Вунгтау қаласындағы жарыс 26 маусымға дейін жалғасады.