Президент сэндвич-панель өндіретін зауыттың ұжымымен кездесті

Президент сэндвич-панель өндіретін зауыттың ұжымымен кездесті
Президент сэндвич-панель өндіретін зауыттың ұжымымен кездесті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
Зауытта заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ️Қасым-Жомарт Тоқаев KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Президентке кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады.
Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.
Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Токаев посетил завод Stadler Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Тоқаев отандық фармацевтика индустриясын дамытуды тапсырды
Жаңалықтар
0