Өндірістік кооперацияны қаржыландыру экономикалық интеграцияны тереңдетеді - ЕЭК министрі

© Photo : канал пресс-службы акима Павлодарской областиАстық жинау науқаны
Астық жинау науқаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
Бизнестің бастамасымен ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдаудың жаңа механизмі құрылды
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Өндірістік кооперацияны қаржыландыру экономикалық интеграцияны тереңдетудегі маңызды қадам, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның Индустрия және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян.
ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл туралы министр Петербург халықаралық экономикалық форумындағы "Ресей-Қазақстан диалогы. Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" бизнес-диалогы барысында айтты.
"Бизнестің бастамасымен ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдаудың жаңа механизмі құрылды. Комиссия 2024 жылдың шілдесінде іске қосқан бұл құрал экономикалық интеграцияны тереңдету, кәсіпкерлер арасындағы практикалық өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадам болды", - деді Гоар Барсегян.
ЕЭК министрі айтқандай, механизм Одақ елдерінің негізгі мөлшерлемесінің 100% деңгейінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды, сондай-ақ үш және одан да көп ЕАЭО елдері кәсіпорындарының қатысуын қарастырады. Бұл ынтымақтастықты нығайтады, тәжірибе алмасуға және технологиялық өсуге ықпал етеді.
Оның айтуынша, алғашқы екі жобаны қаржыландыру мақұлданды, соның ішінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп шығару бар. Бұл жобаны жүзеге асыру ресейлік және беларусьтік кәсіпорындардың қатысуымен астық жинайтын комбайндар шығаруды қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
0