Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина келіссөзін кім жүргізіп жатқанына Ресей мән бермейді – РФ басшысы

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент России Владимир Путин
Президент России Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Украина келіссөзін кім жүргізіп жатқанына Ресей мән бермейді. Бірақ соңғы кезеңде «оған нүкте қою» үшін құжаттарға заңды билік қол қоюы керек, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин ПХЭФ алаңында.
"Зеленскиймен кездесуге дайынмын, мәселе құжаттарға кімнің қол қоюында. Егер Украинаның бірінші адамы заңсыз болса, онда ол жердегі бүкіл билік жүйесі заңсыз болады", - деді Путин.
Ол Донбасс пен Новороссия Ресей Федерациясының құрамдас бөліктері екенін атап өтті.

Оның айтуынша Ресей мен Украина келіссөздерінің жаңа раунды 22 маусымнан кейін өтуі мүмкін.

"Егер біз Украина мәселесін бейбіт жолмен шешпесек, онда әскери жолмен мақсатымызға жетеміз. Киев үшін жағдай ушыға түседі, оны созудың қажеті жоқ", - дейді Путин.

@sputnik_aitady
Президент Владимир Путин встретился с президентом НБР Дилмой Роуссефф - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Путин: Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық энергияға құқығы ескерілуі керек
Жаңалықтар
0