https://sputnik.kz/20250618/qarmet-zhana-quyu-prokat-keshenin-salady-54832521.html
Qarmet жаңа құю-прокат кешенін салады
Qarmet жаңа құю-прокат кешенін салады
Sputnik Қазақстан
Кешенді іске қосу болаттың премиум маркаларын өндіруге мүмкіндік береді 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T19:35+0500
2025-06-18T19:35+0500
2025-06-18T19:35+0500
qarmet
теміртау
https://sputnik.kz/img/07e9/06/11/54771713_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_6383917cab2badc470da29b1500c5217.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатында болды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Биылғы бес айда кәсіпорын қатты болат өндірісін 13%-ға – 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтты.Мұнда Олжас Бектенов №8 және №9 кокс батареяларының құрылысымен танысты. Қуаттылығы жылына 1,5 млн құрғақ кокс болатын инвестициялық жоба қытайлық ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Co., Ltd компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр."Qarmet басшылығы жаңа құю-прокат кешенін салу жобасы жайлы баяндады. Кешенді іске қосу автомобиль, химия, мұнай, құрылыс және басқа да салалар үшін болаттың премиум маркаларын өндіруді игеруге мүмкіндік береді.Сондай-ақ зауыттың айналасындағы шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік белдеуінің жобасы таныстырылды. ШОБ қаптамалар мен сүзгілерден бастап жарық техникасы мен болаттан жасалған бұйымдарға дейін қосылған құны жоғары өнімдер шығарады. Алғашқы офтейк-келісімшарттар жасалды, кәсіпкерлерге дайын өндірістік алаңдар және жылына $87 млн сомасына өнімді кепілді өткізу ұсынылды.
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/11/54771713_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_355c618f31f782b5a31ec76e95cf994b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
qarmet, теміртау
Qarmet жаңа құю-прокат кешенін салады
Кешенді іске қосу болаттың премиум маркаларын өндіруге мүмкіндік береді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатында болды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Биылғы бес айда кәсіпорын қатты болат өндірісін 13%-ға – 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтты.
"Өткен жылы №1 және №2 конвертерлерге күрделі жөндеу жүргізіліп, корпустар толық ауыстырылды, анағұрлым заманауи әрі орнықты конструкциялар орнатылды. Бұл болат балқыту көлемін ұлғайтуға және цехтың өндірістік тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Мұнда Олжас Бектенов №8 және №9 кокс батареяларының құрылысымен танысты. Қуаттылығы жылына 1,5 млн құрғақ кокс болатын инвестициялық жоба қытайлық ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Co., Ltd компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
"Qarmet басшылығы жаңа құю-прокат кешенін салу жобасы жайлы баяндады. Кешенді іске қосу автомобиль, химия, мұнай, құрылыс және басқа да салалар үшін болаттың премиум маркаларын өндіруді игеруге мүмкіндік береді.
"Жоба қазақстандық болатты өткізу нарықтарының географиясын кеңейтеді, энергия шығынын төмендетеді және өндіріс кезінде қоршаған ортаға әсерін азайтады", - деп атап өтті үкімет.
Сондай-ақ зауыттың айналасындағы шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік белдеуінің жобасы таныстырылды. ШОБ қаптамалар мен сүзгілерден бастап жарық техникасы мен болаттан жасалған бұйымдарға дейін қосылған құны жоғары өнімдер шығарады. Алғашқы офтейк-келісімшарттар жасалды, кәсіпкерлерге дайын өндірістік алаңдар және жылына $87 млн сомасына өнімді кепілді өткізу ұсынылды.