Перизат Қайраттың ісі прокуратураға жіберілді

Перизат Кайрат - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайраттың ісі прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жауапқа тартылып отырған Перизат Қайрат та, оның анасы Ғайни Алашбаева қылмыстық іс материалдарымен толығымен танысып шыққан. Іс прокуратураға жолданды.
Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу шараларын наурыз айында аяқтаған болатын. Ал 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру фактілері бойынша жауапқа тартылып отыр. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
Бұған дейін агенттік Перизат Қайраттың ақшаны қалай жұмсағанын хабарлаған болатын.
Перизат Кайрат - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Перизат Қайрат миллиард теңгеден астам қаражатты жеке мақсатына жұмсаған
Жаңалықтар
0