https://sputnik.kz/20250618/karim-masimovtyn-densaulygy-syr-berdi-me--ministr-zhauap-berdi-54811962.html
"Түрмеде ұстауға болады": Сәденов Мәсімовтің денсаулығы жайлы айтты
"Түрмеде ұстауға болады": Сәденов Мәсімовтің денсаулығы жайлы айтты
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Мәсімовтың денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тараған 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T15:10+0500
2025-06-18T15:10+0500
2025-06-18T15:30+0500
кәрім мәсімов
қасым-жомарт тоқаев
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1186/39/11863907_0:0:3453:1943_1920x0_80_0_0_ed411252ce99a2fad240e06a5f2e8f87.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сәденовтың айтуынша, ҰҚК экс-басшысының денсаулық жағдайы қалыпты.Оның сөзіне қарағанда, Мәсімов түрмеде жұмыс істемейді. Бірақ күн тәртібі бойынша атқаратын міндеттері бар.Министр оның қай түрмеде отырғанын айтпады.Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Былтыр Мәсімов президентке рақымшылық жасау туралы өтініш берді.
https://sputnik.kz/20250613/54633317.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1186/39/11863907_29:110:2613:2048_1920x0_80_0_0_bd6995e76d6218677fcb77f8b7391841.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов, қасым-жомарт тоқаев, қаңтар оқиғасы
кәрім мәсімов, қасым-жомарт тоқаев, қаңтар оқиғасы
"Түрмеде ұстауға болады": Сәденов Мәсімовтің денсаулығы жайлы айтты
15:10 18.06.2025 (жаңартылды: 15:30 18.06.2025) Бұған дейін Мәсімовтың денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тараған
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сәденовтың айтуынша, ҰҚК экс-басшысының денсаулық жағдайы қалыпты.
"Оның жағдайы қалыпты, жазасын өтеп жүр. Қалыпты деп тұрғаным, түрмеде ұстауға болады", - деді министр журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, Мәсімов түрмеде жұмыс істемейді. Бірақ күн тәртібі бойынша атқаратын міндеттері бар.
"Тәртіп бойынша кезекші болуы мүмкін, бөлмені сыпыруы мүмкін", - деп атап өтті Сәденов.
Министр оның қай түрмеде отырғанын айтпады.
"Айтуға болмайды", - деп қысқа ғана қайырды.
Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Былтыр Мәсімов президентке
рақымшылық жасау туралы өтініш берді.