https://sputnik.kz/20250617/zhana-oqu-zhylynda-200-den-astam-mektep-salynady---ministrlik-54739571.html
Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады
Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады
Sputnik Қазақстан
206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T08:41+0500
2025-06-17T08:41+0500
2025-06-17T10:46+0500
мектеп
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_65083e3ee366fb16ddf0a7f383b82e81.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. 2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады.Ведомство мәліметінше, бұл жобаларды жүзеге асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, 15 апатты мектеп мәселесін шешуге, үш ауысымды оқытуды және 150 мыңға жуық оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.Сонымен қатар қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып жатыр.2029 жылға дейін 1231 мектепті жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 248 мектеп реновациядан өтеді. Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылып, қасбеттер мен терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады.
https://sputnik.kz/20250609/mektep-oqushylaryn-tamaqtandyrudyn-zhana-standarty-bekitildi-54441613.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_abe79dfd18f7e757106b4435b83d5121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, құрылыс
Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады
08:41 17.06.2025 (жаңартылды: 10:46 17.06.2025) 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. 2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлады оқу-ағарту
министрлігі.
Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады.
Ведомство мәліметінше, бұл жобаларды жүзеге асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, 15 апатты мектеп мәселесін шешуге, үш ауысымды оқытуды және 150 мыңға жуық оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып жатыр.
2029 жылға дейін 1231 мектепті жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 248 мектеп реновациядан өтеді. Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылып, қасбеттер мен терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады.