Шымкент тұрғыны WhatsАpp арқылы таратқан аудиосы үшін 7 жарым жылға сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Ол халықаралық террористік ұйымды насихаттаған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Шымкент тұрғыны WhatsАpp арқылы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.
Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

"Сотталушыға ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен (телекоммуникация желілерін пайдаланыла отырып, терроризмді насихаттаған) айып тағылды", - деп жазылған сот хабарламасында.

Істі қарау нәтижесінде Н. 2024 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласында халықаралық террористік ұйымның көзқарасын білдіретін аудио және текстік хабарламаларды, аудио жазбаларды "WhatsАpp" желісіне салып, қасақана терроризмді насихаттағаны анықталды.

Сотталушының кінәсі дәлелденеді

Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.
Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін актауды өтінді.
"Күдікті Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - делінген хабарламада.
Жаза кесу барысында сотталушының жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай анықталмаған.
Үкім әлі заңды күшіне енбеді.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Ақтөбе облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 9 жылға сотталды
Жаңалықтар
0