https://sputnik.kz/20250617/qazaq-balasy-europanyn-en-uzdik-fizigi-atandy-54773445.html
Қазақ баласы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Қазақ баласы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Sputnik Қазақстан
Ол Қазақстанның қоржынына алтын медаль салды 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T17:10+0500
2025-06-17T17:10+0500
2025-06-17T17:10+0500
еуропа
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/11/54773546_0:0:800:451_1920x0_80_0_0_70f7b8c8e64663d350f88b2967e87bad.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстандық оқушы Ілияс Қазымбек София қаласында өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO-2025) абсолют жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетті, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді.Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы "Miras" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, "Nurorda" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды.Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасын иеленді.Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындады.Айта кетері, EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік сайыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын.
https://sputnik.kz/20250513/qazaqstandyq-oqushy-orta-aziya-boyynsha-informatikadan-uzdik-dep-tanyldy-53504269.html
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/11/54773546_0:0:800:601_1920x0_80_0_0_5cd6a4eba75ba86ef2f63be6fbbab502.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа, оқушы
Қазақ баласы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Ол Қазақстанның қоржынына алтын медаль салды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстандық оқушы Ілияс Қазымбек София қаласында өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO-2025) абсолют жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетті, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
"Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы болып танылды. Ол Қазақстанның жүлде қоржынына алтын медаль салды", - делінген хабарламада.
Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы "Miras" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, "Nurorda" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды.
Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасын иеленді.
Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындады.
Айта кетері, EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік сайыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын.