Қатты ыстық болады: "Қазгидромет" дауылды ескерту жариялады

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы фонтан
Алматыдағы фонтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қауіпі де сақталады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" бүгін, 17 маусымда елдің бірнеше аймағында өрт қаупі сақталып, күн қатты ыстық болатынын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, бірқатар аймақта дауылды ескерту сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасы күндіз +39+43 градусқа дейін қатты ысиды деп күтіліп отыр.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қауіпі де сақталады.
Сонымен мына облыстарда дауылды ескертулер күтіледі:
Күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Сол секілді республиканың Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы 40 градустан жоғары болып, төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Петропавл, Шығыс Қазақстан облыстарында басымдықпен жауын-шашын мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні жоғары болады деп күтілуде.
Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарында ауа температурасы +35 +39 градус шамасында болады. Жоғары өрт қауіпі бұл аймақтарда да сақталады.
Жаңалықтар
0